Бразилияда сотталған қазақстандық ақталды

730

Бразилияда сотталған қазақстандық ақталды

Бразилиядағы Қазақстан елшілігі 21 жастағы Славяна атты қазақстандық қыздың ақталып шығуына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Дегенмен 20 жасар тағы бір отандасымыз әлі темір тордың ар жағында отыр.

"Қазіргі уақытта ҚР СІМ мен Бразилиядағы біздің елшілік оның ісін қайта қарауға күш салуда. Аппеляциялық сот отырысы өтеді деп күтілуде, отырыстың уақыты әзірге белгіленген жоқ", - дейді Жайнақов.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 6 ақпанында Бразилияда Қазақстаннан барған екі қыз есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Кейінірек сол жақтың заңымен, екі қыз 7 жылға сотталып кете барды.

Екі қыздың ата-аналарының шағымы негізінде іс бастаған қарағандылық полицейлер көп ұзамай 25 жастағы алаяқ әйелді қолға түсірді. Тергеу барысында осы әйелдің Иордания  азаматымен сыбайласып, есірткі бизнесіне салу үшін Қазақстаннан 5 адам тауып беруге уағдаласқаны анықталды.  Өзгенің тағдырын талқандау арқылы баюды көздеген келіншек иорданиялықтан  әр адам үшін 800 доллардан алған. Сөйтіп ол бірден іске кірісіп, ағылшын тілін еркін меңгерген Қазақстанның 5 азаматын шетелге шығаруға бар күшін салған. Қақпанға қыздар түскен. Олар әлеуметтік жағдайларын жақсартамыз және шетел аралаймыз деген оймен шетел асқан болып шықты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу