Бразилияда су тасқыны: 107 адам қаза тапты

280

Жоғалған адамдардың тізімінде 136 адам бар, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бразилияда су тасқыны: 107 адам қаза тапты Фото: REUTERS / Amanda Perobelli

Бразилияда нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны құрбандарының саны 107-ге жетті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Азаматтық қорғаныс басқармасының хабарлауынша, тағы 136 адам хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде.

Өткен аптада елдің оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында қатты жаңбыр жауып, нөсерге ұласты. 

Штаттың ауруханаларына 374 зардап шеккен адам жеткізілді, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мыңдаған адамдар әлі де электр және интернет жүйесіне қосыла алмай отыр. Құрбандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар. 

Үшінші Мамырда штат губернаторы Эдуардо Лейте 180 күндік төтенше жағдай жариялады.

Апат аймағына екі рет барған Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва билік бұл аймақты қалпына келтіреді деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу