Бразилияда су тасқыны құрбандарының саны 160 адамнан асты

237

Табиғи апаттан барлығы штаттың 2,34 миллион тұрғыны зардап шекті.  

Бразилияда су тасқыны құрбандарының саны 160 адамнан асты Фото: img4.eadaily.com

Мамыр айының басынан бері жалғасып келе жатқан Бразилияның Рио-Гранде-ду-Сул штатында жауын-шашын мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлады inbusiness.kz аймақтың азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап.

"Жараланғандар саны 806, 85 адам хабар-ошарсыз кетті, 161 тұрғынның қайтыс болғаны расталды:", — делінген Рио-Гранде-ду-Сул азаматтық қорғаныс сайтында.

Құтқарушылардың айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері шамамен үш апта бұрын 581 мың адам үйлерінен көшуге мәжбүр болған, тағы 71,5 мың адам уақытша баспанада. Барлығы табиғи апаттан штаттың 497 муниципалитеттерінің 467-сінде 2,34 миллион тұрғыны зардап шекті. Өңірде құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам, 18 ұшақ мен 265 кеме жұмылдырылған.

Азаматтық қорғау сайтындағы кестелерге сәйкес, штаттың астанасы Порту-Алегре арқылы өтетін Гуайба өзенінің деңгейі қазір 4,02 метрді құрайды, егер оның деңгейі 3 метрден асса онда оны су тасқыны деп таниды. 

Уругвай шекарасындағы Рио-Гранде-ду-Сул су тасқынына байланысты ауыр гуманитарлық дағдарысқа ұшырады. Өңірде азық-түлік пен қажетті тауарлар уақытылы жеткізілмей жатыр — автомобиль жолдарының 106 учаскесі жабылды, 180 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз, тағы 40 мыңға жуығы сусыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу