Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының дамбасы құлап, 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен.
Бұған қоса, жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз қалды.
Штаттың Азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, топан судан қазір аймақтағы 134 қала зардап шегіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу