Бразилияда тропикалық ормандағы ағаштарды кесу қысқарды

568

Елде ағаш кесу көлемі былтырмен салыстырғанда 61% - ке азайған.  

Бразилияда тропикалық ормандағы ағаштарды кесу қысқарды Фото: ВВС

Амазонка тропикалық орманының Бразилия бөлігіндегі ағаштарын кесу 33% - ке қысқарды. Бұл – Президент Лула да Силваның билікке келгеннен кейінгі бірінші жартыжылдықтағы жұмыс көрсеткіші, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елде ағаш кесу көлемі былтырмен салыстырғанда 61%-ке азайған.

Бразилияның қоршаған ортаны қорғау министрінің мәлімдеуінше, эмбарго қатаңдаған. Амазонка бассейнінің ормандарын кесу Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаро кезінде рекордтық деңгейге жеткен. Тіпті австриялық экологтар экс-мемлекет басшысын "адамзатқа қарсы қастандық жасады" деп айыптаған. Ал Лула да Силва билікке келгелі экология мәселелеріне көбірек көңіл бөліп, ормандарды кесуді азайта бастаған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу