Бразилиядағы ауа температурасы рекордты жаңартып отыр

363

Жақында синоптиктер ел үшін жаңа тарихи максимум +44,8°C-ді тіркеді. 

Бразилиядағы ауа температурасы рекордты жаңартып отыр  Фото: pixabay.com

Бразилиядағы қалыпты температурадан тыс аптап ыстық климаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты СNN Brasil телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық метеорология институтының (Inmet) мәліметінше, тек үш штаттың астанасында температура +40 градусқа дейін жақындайды. Ал +44,8 градус елдің оңтүстік шығысындағы Арасуаи аймағында қазірге дейін тіркелген ең жоғары температура болды.

Мамандардың айтуынша, бұл климат өзгерісіне байланысты қалыптасты.

Сонымен қатар, жаз мезгілінің басталуына бірнеше апта қалғанда бүкіл ел бойынша аптап ыстыққа байланысты "қызыл ескерту" жарияланды.

Бұдан бөлек, Бразилияда энергия тұтыну рекордтық деңгейге дейін көтерілді, өйткені адамдар желдеткіштер мен кондиционерлер арқылы бөлмелерін салқындатуға тырысты.

Сондай-ақ, Америкалық әнші Тэйлор Свифттің 17 қараша күнгі Рио-де-Жанейродағы концертінде бір кісі асыра ыстық салдарынан қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу