Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 152-ге жетті

1149

Тағы 165 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 152-ге жетті

Бразилияның Петрополис қаласында су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 152 адамға жетті, деп жазды inbusiness.kz.

Бразилиялық G1 порталының мәліметінше, тағы 165 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

967 адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 500-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әскерилер мен еріктілер Петрополистің 51 ауданында жұмыс істеуде. Ылғалды ауа райына байланысты көшкін қайталануы мүмкін.

Рио-де-Жанейро губернаторы Клаудио Кастро апат аймағына сапары кезінде журналистерге аймақта 1932 жылдан бері жауын-шашынның ең көп жауғанын айтты.

Метеорологтардың мәліметінше, 15 ақпанда Петрополисте ай сайынғы жауын-шашын мөлшері небәрі 6 сағатта жауған.

Бұл аймақта 2011 жылы осындай табиғи апат болып, ол кезде 900-ден астам адам қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу