Бразилиядағы зообақта арыстан 19 жастағы жігітті талап өлтірді

59

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.

Бразилиядағы зообақта арыстан 19 жастағы жігітті талап өлтірді Фото: Pixabay.com

Бразилиядағы зообақта арыстан вольеріне кіріп кеткен 19 жастағы жігітті талап өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оқиға Жуан-Песоа қаласында болған. Жас жігіт биіктігі алты метрден асатын қабырғадан өтіп, ағашты пайдаланып жыртқыш отырған аумаққа кіріп кеткен. Арыстан жігіт отырған ағашқа жақындап, оның төменге түскенін күтіп тұрған. Алдын ала дерекке сәйкес, қаза тапқан жігіттің психикалық ауытқулары бар.

Оқиға зообақтың жұмыс уақытында болған. Қайғылы жағдай кезінде оның аумағында басқа келушілер де жүрген. Әкімшілік шабуылдан кейін паркті уақытша жабуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу