Бразилияның 200 жылдық тарихы бар Ұлттық мұражайы күлге айналды

1349

 Музейде 20 миллиондай экспонат бар еді. 

Бразилияның 200 жылдық тарихы бар Ұлттық мұражайы күлге айналды

Рио-де-Жанейрода орналасқан Бразилияның Ұлттық мұражайын өрт жалмады. Ғимарат елдің ең көне ғылыми орталықтарының бірі болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Globo телеарнасына сілтемемен.

Өрт сөндірушілердің арпалысына қарамастан, тілсіз жау музейдің 20 млн экспонаттан тұратын топтамасын, сондай-ақ кітапхананың ауқымды бөлігін күлге айналдырды.

Атап өтілгендей, жанып жатқан ғимаратқа суды жеткізу қиынға соққан. Оның үстіне, экспонаттарды сақтау үшін тез тұтанатын химикаттар пайдаланылып келген.

Оқиғаның мән-жайы мен келген шығын көлемі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Музейдің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жұмыс орнында болған төрт бақылаушы қызметкер ғимараттан уақытында шығып үлгерген. 

Ел президенті Мишель Темер бұл, барша бразиялықтар үшін қайғылы оқиға екенін айтты.
Бразилияның Ұлттық мұражайы Рио-де-Жанейроның солтүстік бөлігіндегі Кинта-да-Боа-Виста саябағында орналасқан. Оның негізін 1818 жылы Португалия королі Жаун VI қалаған. Музей топтамасы 20 миллион экспонаттан тұрды. Олардың арасында жануарлар, жәндіктер, минералдар, тұрмыс құралдары, мысыр және оңтүстікамерикалық мумиялар, артефактілер және тағы басқалары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу