Бразилияның жоғарғы сайлау соты бұрынғы көшбасшы Жаиру Болсонаруға алдағы 8 жыл ішінде Мемлекет басшысының сайлауында өз кандидатурасын ұсынуға және басқа да мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салды. Бұл туралы Дүниежүзілік ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Үкімді жариялау 27 маусымда басталды. Сонымен қатар, прокурорлар Болсонару билік пен мемлекеттік БАҚ-ты асыра пайдаланды және елдегі демократияға нұқсан келтірді деп айыптайды.
Айыптау 2022 жылдың шілдесінде Мемлекеттік теледидарда көрсетілген іс-шараның жазбасына негізделген. Онда Болсонару PowerPoint презентациясын пайдаланып, бір сағат ішінде электронды дауыс беру машиналарының кемшіл тұстары жайлы ешқандай дәлелсіз мәлімдеме жасаған. Қазан айында ол президенттік сайлаудың екінші турында Луис Инасио Лула да Силвадан жеңіліп қалды.