Бразилияның экс-президенті Болсонару АҚШ-та ауруханаға түсті

562

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару американдық ауруханалардың біріне жатқызылды.   

Бразилияның экс-президенті Болсонару АҚШ-та ауруханаға түсті Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы дүйсенбіде Globo газеті өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, бұрынғы мемлекет басшысы қазір Орландо (Флорида штаты) Advent Health Celebration ауруханасында жатыр. Оған "іш аймағында ауырсыну диагнозы қойылды". Журналистердің пікірінше, экс-президенттің денсаулығының нашарлауы 2018 жылы бәз біреудің пышақтағанынан туындаған жарақатпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан өткен жылдың басында ғана саясаткер емделген болатын.

8 қаңтарда Болсонарудың қазан айындағы президенттік сайлаудың нәтижелерін мойындамайтын жақтастары полициямен қақтығысып, Ұлттық конгресс (Парламент), Президент сарайы және Федералды Жоғарғы Сот ғимараттарына кірді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тәртіпсіздіктерге 5 мыңға жуық адам қатысты. Оларды тоқтату үшін қауіпсіздік қызметкерлері түтін бомбалары мен көзден жас ағызатын газ гранаталарын қолданды, 400-ден астам адам ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу