Бразилияның экс-президенті Болсонарудың жақтастары полициямен қақтығысқа түсті

585

Бразилияның бұрынғы президенті Жаира Болсонарудың жақтастары жексенбіде полициямен қақтығысқа түсіп, ел астанасындағы Ұлттық конгресс (парламент) ғимаратына кірді. 

Бразилияның экс-президенті Болсонарудың жақтастары полициямен қақтығысқа түсті Фото: bbc.com

Бразилия көшелерінен хабар таратуды CNN Brazil телеарнасы жүргізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Телехабарда Бразилия туын ұстап, сары-жасыл киім киген бір топ наразылық білдірушілер қаланың орталығына шығып, жоғарғы заң шығарушы орган Федералды Жоғарғы Соттың ғимараттары мен Мемлекет басшысының жұмыс орны - Планалту сарайында терезелерді сындырып жатқанын көруге болады. Кейін олар Ішке кіріп, сол жерде бар дүниені қиратқан.

8 қаңтар, демалыс күнінде қаңырап тұрған әкімшілік ғимаратындағы санаулы күзетші қазан айындағы президенттік сайлаудың нәтижелерін мойындаудан бас тартқан наразылық білдірушілерге қарсы тұра алмады. Телеарнаның хабарлауынша, полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Болсонарудың жақтастары таяқтармен қаруланып, тәртіп сақшыларына таспен лақтырған. Олар сайлаудың нәтижелерін қайта қарауды талап етеді.

1 қаңтарда бұрынғы мемлекет басшысын сайлаудың екінші турында жеңген социалист Луис Инасио Лула да Силва Бразилия президенті қызметіне кірісті. Олардың арасындағы алшақтық шамамен 2 миллион дауысты құрады. Консерватор жеңілісті мойындамады, ал оның жақтастары Лула да Силваның қызметін бастауға жол бермеу үшін Қарулы Күштердің көшелері мен гарнизондарына жаппай наразылық акцияларына шықты. Желтоқсан айының соңында Болсонару АҚШ-қа кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу