Бразилияның экс-президенті елге оралып, оппозицияны басқаруға ниетті

485

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару Президент Луис Инасиу Лула да Силваға қарсы саяси оппозицияны басқару үшін наурыз айында Бразилияға оралуды жоспарлап отырғанын айтты 

Бразилияның экс-президенті елге оралып, оппозицияны басқаруға ниетті Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

"Оңшыл қозғалыс өлген жоқ, әрі қарай да өмір сүреді", — деді ол басылымға берген сұхбатында.

Болсонару сонымен қатар келесі айда Бразилияға оралып, жыл басында Бразилия астанасында болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыптаулардан қорғанатынын айтты. Экс-президенттің айтуынша, тәртіпсіздіктер үшін жауапкершілікті оның мойынына арту - ақымақтық, себебі ол тіпті сол кезде елде болмаған.

Болсонару сайлауда жеңілгенін мойындамады және тағы да "процесс біржақты болды" деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу