Бразилияның жоғарғы соты ел президентінің үстінен тергеу жүргізуде

776

 Бразилияның жоғарғы соты ел президентінің үстінен тергеу жүргізуде

Бразилиялықтар ел президенті Мишел Темердің отставкаға кетуін талап етіп, жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды 24 kz.

Наразылық шеруі елдің бірнеше ірі қаласында өткен. Халықтың бас көтеруіне 17-ші мамыр күні жергілікті кәсіпкерлер -  ағайынды Жоэсли мен Уэсли Батисталардың жоғарғы сотқа тапсырған үнтаспасы себеп болған. Онда президент Мишел Темердің кәсіпкерлерге мұнай компанияларына қатысты қаржылық құйтырқылықтарды ешкімге тіс жармауы үшін, парламенттегі кіші палатаның төрағасы Эдуарду Куньеге ірі сомада пара беруін сұраған сәті жазылған. Оған қоса полицияға президенттің жақын кеңесшісінің бірі  қыруар ақшаны чемоданға салып жатқаны жазылған бейнежазба түскен. Осыдан соң оппозиция өкілдері парламенттің төменгі палатасына президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс жасады. Жоғарғы сот Темердің үстінен алаяқтыққа барып, жемқорлыққа жол берді деген айыптар бойынша тергеу жөнінде шешім шығарған. Алайда, президент мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу