Бразиялияда ауа температура 52,5°C-қа көтерілді

328

Аптап ыстықтан жүз миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. 

Бразиялияда ауа температура 52,5°C-қа көтерілді Фото: reuters

Бразилияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Термометр бағаны бес күннен астам орташа температурадан 5°C-қа жоғары болуы мүмкін, ол адам денсаулығы үшін аса қауіпті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейро мен оған жақын маңдағы аудандарда рекорд орнап, термометр бағаны 52,5°C-қа дейін көтерілді. 

Жұмаға дейін созылатын аптап ыстықтан жүз миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. 

Мұндай ыстыққа Эль-Ниньо табиғи феномені мен климаттың өзгеруі себеп болған. 

Ұлттық метеорология институтының (Inmet) дерегінше, сейсенбі күндіз Сан-Паулу қаласында 37,3°C орташа ауа температурасы тіркелді. 

Ғалымдардың пікірінше, парниктік газ қалдықтары салдарынан климат өзгергендіктен, енді аптап ыстық қарқынды болады әрі жиі кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу