Брэндон Боченски жолдастық кездесулерде Қазақстан құрамасының капитаны болады

605

Ал Максим Семенов пен Талғат Жайлауов оның көмекшілері атанады.

Брэндон Боченски жолдастық кездесулерде Қазақстан құрамасының капитаны болады

Белоруссия және Оңтүстік Кореямен өтетін жолдастық кездесулерде Брэндон Боченски Қазақстан құрамасының капитаны болады, ал Максим Семенов пен Талғат Жайлауов оның көмекшілері атанады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты icehockey.kz-ке сілтеме жасап.

25 және 26 сәуірде Қазақстан құрамасы Белоруссия және Оңтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді. Билет бағасы 500 теңге мен 1000 теңгенің арасында.

Билеттерді "Барыс Арена" кассаларында және онлайн сатып алуға болады. "Барыс Арена" кассалары күн сайын үзіліссіз әрі демалыссыз сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында "Барыс Аренада" "А" тобында I дивизион командалары арасында шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу