Көкшетау қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.
Алдын ала тергеу барысында қаскүнем брендтік сөмкелерді сату сылтауымен біреудің ақшасын алдап иемденгені анықталды.
Ер адам 28 мамырда 33 жастағы көкшетаулықтың 1 млн 590 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, кейін телефонын өшіріп, зардап шегушімен байланысқа шығуды тоқтатқан.
Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.