Brent 4% пайызға арзандады

652

 WTI жыл басталғалы 20 пайызға түсті.  

Brent 4% пайызға арзандады

Бүгін мұнай бағасы арзандап кетті. Қазір Лондон биржасында Brent маркалы өнім 51 доллар 36 центке саудаланып жатыр. Кеше ғана баррелі 53-ке сатылған еді, деп хабарлайды Atameken Business.

Америкалық шикізат бағасы  – 46 доллар, 52 цент. WTI жыл басталғалы 20 пайызға түсті.  

Меккеде жүрген ОПЕК-тің бас Хатшысы Мохаммед Баркиндо өндіріс көлемін шектеуге қатысты келіссөздің жүргізіліп жатқанын айтты. Картельге мүше елдердің Энергетика министрлері келесі аптада, яғни наурыздың 5-6-сы күндері бас қосып, нақты шешім жариялайды.

Әзірге Ресей экспорт көлемін азайтуға асығар емес. Сауд Арабиясы наурыздан бастап Қытайға тасымалданатын өнім көлемін күніне 500 мың баррельге азайтады. Коронавирус басталғалы бері шығыстағы көршіміз қара алтынға деген сұраныс көлемін 20 пайызға шектеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу