Brent 71 доллардың айналасында саудалануда

605

12 сәуірде сауда барысында оның бағасы 0,72 долларға (1,02%) өсіп, сауданың жабылуында 71,55 долларға жетті.

Brent 71 доллардың айналасында саудалануда

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 15 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 8:17-дегі бағасы 0,20 долларға (0,28%) төмендеп, баррелі 71,35 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында мамырдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,32 долларға (0,50%) қысқарып, барреліне 63,57 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу