Brent бағасы кеміді

610

Өткен жұмадағы сауда қорытындысы бойынша Brent 0,47 долларға (0,8%) өсіп, барреліне $62,10 долларды құрады, ал WTI $0,08 долларға (0,2%) қымбаттап, $52,72 құрады.

 Brent бағасы кеміді

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 11 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:00-дегі бағасы 59 центке (0,95%) төмендеп, барреліне $61,51 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,73 (1,38%) төмендеп, барреліне $51,99 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу