Brent бағасы 0,33%-ға төмендеді

764

Соңғы екі күнде шикізат қымбаттаған еді.  

Brent бағасы 0,33%-ға төмендеді

30 шілдеде мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жұма күнгі сауда дерегіне сілтеме жасап.

Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 0,33%-ға арзандап, бір баррелі 74,84 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,35%-ға төмендеп, бір баррелі қазір 73,36 долларға саудаланып жатыр.

Мұнай нарығындағы жағдайға пандемия әсер етуде. Инвесторлардың айтуынша, "дельта" штамының таралуы мен кейбір елдерде індеттің өршуі сұраныстың қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.Commerzbank сарапшысы Карстен Фрич болса, нарық вирусқа бейімделді және індеттің салдары бұрынғыға қарағанда аз деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу