Brent бағасы 1,16 пайызға көтерілді

793

Бүгін эталон маркалы мұнай бағасы көтерілді. 

Brent бағасы 1,16 пайызға көтерілді

Бейсенбі күні АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 2 пайыздан 2,25 пайыздық деңгейге түсіріп, салдарынан "қара алтын" бағасы арзандаған болатын. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазан айындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,16 пайызға көтеріліп, баррелі 61,66 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,6 пайызға қымбаттап, барреліне 54,79 долларды құрады.

Айта кететін жайт, Ақ Үй басшысы Дональд Трамп 300 млрд доллардан асатын Қытайдың тауарына қыркүйектен бастап 10 пайыздық салық салмақшы. Samsung Futures Inc. сарапшысы Ким Кванрейдің айтуынша, Трамптың бұл мәлімдемесі нарыққа кері әсерін тигізіп, мұнай бағасы Таяу Шығыстағы шиелініске байланысты тағы да түсуі мүмкін.  

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу