Brent бағасы 115 доллардан асты

566

Шикізат құны 3%-ға қымбаттады.

Brent бағасы 115 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 115 доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл – 28 наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Шикізат құны 3%-ға қымбаттады. Қазір шілде фьючерстері 113,69 долларға саудалануда. WTI мұнайы баррелінің бағасы 113,7 долларға дейін өсті.

Жақында Қытайдағы экономикалық белсенділік баяулағаны туралы деректер жарияланып, артынан сұраныс төмендейді деген қауіп салдарынан шикізат бағасы төмендеді. Еуроодақ ресейлік мұнайға эмбарго жариялау мәселесін талқылауда. 16 мамырда ЕО Сыртқы істер министрлері Венгрияның ұстанымына байланысты санкцияларды мақұлдай алмады. Германия Еуропалық одақтың ресейлік мұнайға байланысты шешімінсіз-ақ жыл соңына дейін шикізат импортын тоқтатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу