Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың тамызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 27 маусым Мәскеу уақытымен сағат 8:18-дегі бағасы 0,25 долларға (0,38%) төмендеп, баррелі 66,24 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
26 маусымда оның бағасы 1,44 (2,21%) долларға қымбаттап, сауданың жабылар тұсында баррелі 66,49 долларды құрады.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,27 долларға (0,45%) төмендеп, 59,11 долларды құрады.
Алдыңғы саудада WTI 1,55 (2,68%) долларға көтеріліп, баррелі 59,43 долларға жеткен болатын.