Brent бағасы 68,67 долларға дейін көтерілді

719

Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздер осы аптада Венада қайта басталуы керек.

Brent бағасы 68,67 долларға дейін көтерілді Фото: reuters.com

25 мамырда эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,31%-ға көтеріліп, 68,67 доллар болды. WTI фьючерестері 0,23%-ға қымбаттап, бір баррелі 66,2 долларға саудаланып жатыр.
Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздер осы аптада Венада қайта басталуы керек.МАГАТЭ басшысы Иран мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жақында аяқталған мониторинг туралы келісімді бір айға ұзартатынын хабарлаған еді.АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иранның ядролық міндеттемелерді орындауға дайын еместігін айтқаннан кейін, нарықтағы шикізат бағасы қайтадан көтеріле бастады.  

Еуропа мен АҚШ-тың кейбір бөліктерінде коронавирус жұқтыру мен дерттен қаза табу фактілері азайған. Бірақ әлемдегі ірі мұнай импорттаушы Үндістандағы індет әлі күнге дейін басылмай тұр. Бұл елде бір күнде тіркеліп жатқан науқастардың саны 200 мыңнан көп.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу