Brent бағасы 70,64 доллар болды

798

Шикізат осымен екі күн қатарынан арзандауда.  

Brent бағасы 70,64 доллар болды

Халықаралық энергетикалық агенттіктің шикізатқа қатысты өз болжамын жариялағаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,94%-ға төмендеп, 70,64 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 1,03%-ға арзандап, қазір бір баррелі 68,38 долларға саудаланып жатыр.

Нарықты Қытайдағы мұнайға деген сұраныс алаңдатып отыр. Өйткені бұл елде індеттің таралуына байланысты жаңа шеутеулер енгізілуде.

"Қытайдағы мұнайға деген сұраныс көлемі осы тоқсанда қысқаруы мүмкін. Індетке қатысты арнайы стратегия шектеулер енгізуге мәжбүрлеп отыр", – дейді Dow Jones сарапшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу