Brent сұрыпты мұнайдың бағасы соңғы үш жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық дерегіне сілтеме жасап. Оның бағасы 2018 жылдан бері алғаш мәрте 80 доллардан асты.
Ресми дерек бойынша, Brent мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,85%-ға қымбаттап, 79,36 доллар болды. Қарашадағысы 0,83%-ға өсіп, қазір 80,19 долларға саудаланып жатыр.
WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің бағасы 0,85%-ға, r-көтеріліп, бір барреліне 76,09 долларға сатылуда.
Экономиканың қалпына келуі жағдайында сұраныс артып, ұсыныс азайып жатыр. Мексика шығанағын бойлай ойран салған "Ида" және "Николас" дауылдарының салдарынан мұнай өндірісі бірнеше аптаға тоқтатылды.
Мұнай экспорттаушы елдер мен ОПЕК + ұйымы шикізат өндірісін кезең-кезеңімен арттыру туралы шешім қабылдаған еді. Сарапшылардың айтуынша, газ тапшылығы сұйық отынмен жұмыс істейтін электр энергиясы өндірісінің артуына әкеліп соғады. Артынан мұнайға деген сұраныс артуы мүмкін.
Табиғат Нұрболат