Brent бағасы 82 доллардан асты

739

Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндірісін арттырады.

Brent бағасы 82 доллардан асты Фото: reuters.com

Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 2018 жылдың 11 қазанынан бері алғаш рет 82 доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сауда дерегіне сүйенсек, Brent сұрыпты мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,94%-ға қымбаттап, 82,02 доллар болды.  WTI-тің қарашадағы фьючерстерінің бағасы 0,77% - ға өсіп, бір баррелі қазір 78,23 долларға саудаланып жатыр. 

Ескере кететін, жайт ОПЕК + келісімі аясында Қазақстан ай сайын бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 16 мың баррельге арттыратын болды. Мұндай шешім альянс елдерінің министрлік отырысында қабылданды. Сонымен қатар ОПЕК+ келісіміне қатысушылар шектеуді алып тастағанға дейін жалпы өндірісті ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруға уағдаласты.

"ОПЕК + аясында Қазақстанның қазандағы квотасы – тәулігіне 1,524 млн.баррель. Бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемі 16 мың баррельге артады", – деп хабарлады Энергетика министрлігі. Ведомство қараша айындағы квота тәулігіне 1,540 млн. баррель болатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу