Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің сәрсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы 21 центке (0,36%) өсіп, барреліне 58,65 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,28 (0,54%) көтеріліп, барреліне 52,16 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу