Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бейсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 8:05-тегі бағасы 0,16 долларға (0,28%) төмендеп, барреліне 57,74 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,15 (0,29%) қысқарып, барреліне 51,99 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу