Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қарашадағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің сейсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы $0,36 (0,61%) өсіп, барреліне 59,38 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,1 (0,19%) көтеріліп, барреліне 52,32 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу