Brent бағасы барреліне 78,83 долларға дейін өсті

30 наурыз эталондық "қара алтын" бағасы АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуіне, доллардың әлсіреуіне және тәуекелді активтерге сұраныстың жалпы өсуіне байланысты қымбаттады.  

Brent бағасы барреліне 78,83 долларға дейін өсті Фото: pixabay.com

Bloomberg дерегінше, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 78,83 долларға дейін 0,55 долларға (0,7%) қымбаттады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстерінің 0,66 доллар (0,9%) немесе барреліне 73,63 долларға дейін өсті.

 Еске сала кетсек, Brent маркалы мұнай бұған дейін 0,5%-ға, WTI 0,3%-ға арзандаған еді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу