Brent бағасы баяу көтеріліп келеді

977

Эталон маркалы мұнай бағасының көтерілуіне ОПЕК+ келісімі, сондай-ақ Венесуэла мен Иранға салынған америкалық санкция әсер етті.

Brent бағасы баяу көтеріліп келеді

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 29 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 8:15-тегі бағасы 0,27 долларға (0,4%) көтеріліп, баррелі $68,09 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Бейсенбі күнгі саудада баға $0,01 (0,01%) төмендеп, сауда жабылар тұста баррелі 67,82 доллар болды. 

Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,31 (0,52%) қымбаттап, барреліне $59,61 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу