Brent бағасы күрт өсіп кетті

777

Шикізатқа деген сұраныстың артуы және АҚШ-тағы мұнай қорының қысқаруынан кейін, нарықта осындай динамика орнап отыр. 

Brent бағасы күрт өсіп кетті Фото: reuters.com

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 79 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық дерегіне сілтеме жасап. Бұл – 2018 жылғы қарашадан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Қараша айының фьючерстері 1,2%-ға қымбаттап, 79,03 долларға дейін, желтоқсандағы фьючерстері 1,14%-ға қымбаттап, 78,11 долларға дейін жетті. WTI баррелінің бағасы 1,3%-ға өсіп, қазір 75 долларға саудаланып жатыр.

Шикізатқа деген сұраныстың артуы және АҚШ-тағы мұнай қорының қысқаруы жағдайында мұнай бағасы өсуде. Мексика шығанағындағы өндіріс көлемі екі мәрте ойран салған дауылдан кейін азайды. Қыркүйек айының басында мұнайдың бағасы коронавирустық пандемиядан туындаған белгісіздіктен кейін өскен еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу