Brent бағасы соңғы жеті жылдағы максимумға жетті

1302

Бір баррелі 87,28 долларға саудалануда.

Brent бағасы соңғы жеті жылдағы максимумға жетті

Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 87 доллардан асты. Бұл – 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Ресми дерек бойынша, оның бір баррелі 0,93%-ға қымбаттады. WTI фьючерстерінің бағасы 1,25%-ға өсіп, 84,34 болды.  

Коронавирустық пандемия салдарынан мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты ОПЕК+ өткен жылдың мамыр айынан бастап өндірісті 9,7 миллион баррельге қысқартқан болатын.

Жағдай тұрақтанған сайын, оның көлемі өзгертіліп келеді. Альянс 2021 жылдың тамызынан бері ай сайын өндіріс көлемін 400 мың баррельге арттыруда. Картель 2022 жылғы қыркүйек айының соңына дейін індетке дейінгі көрсеткішке оралуды жоспарлап отыр. 

Ескере кететін жайт, жақында АҚШ-тағы бір апталық мұнай қоры бойынша статистика жарияланады. Соңғы уақытта елдегі коммерциялық қор көлемі 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі деңгейге дейін азайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу