Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:07-дегі бағасы 0,32 долларға (0,57%) төмендеп, барреліне 55,68 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қарашадағы фьючерстері (NYMEX) $0,35 (0,69%) қысқарып, барреліне 50,07 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу