Ида дауылына байланысты АҚШ-тағы өндірістің қысқаруы мүмкін деген болжамдар жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы өсуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың фьючерстері 1,14%-ға қымбаттап, бағасы 73,75 доллар болды. WTI бағасы 1,25%-ға өсіп, бір баррелі 70,59 долларға саудаланып жатыр.
Өткен аптада Америка Құрама Штаттарында жұмыс істеп тұрған бұрғылау қондырғыларының саны артты. Осыған байланысты алдағы апталарда тау-кен өндірісі артуы мүмкін. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы Brent бағасы 2021 жылдың соңына дейін шамамен қазіргі деңгейде қалады және төртінші тоқсанда баррелі орташа есеппен 71 долларға саудаланады деген болжамын жариялады.
Табиғат Нұрболат