Brent баррелі 31 долларға көтерілді

705

Бүгін Лондон биржасында Brent маркалы өнім фьючерсі 18 пайызға жуық көтеріліп, баррелі 31 долларға жетті.

Brent баррелі 31 долларға көтерілді

Қара алтынның бағасы өсе бастады. Бүгін Лондон биржасында Brent маркалы өнім фьючерсі 18 пайызға жуық көтеріліп, баррелі 31 долларға жетті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Мұндай көрсеткіш соңғы рет сәуірдің 14-інде болған еді. Оған Еуропа елдерінің біртіндеп карантинді жұмсартып, санитарлық шектеулерді азайтуы жағымды ықпал еткен. Қытай да өндірісін жандандырып, сұранысты арттыра бастады. АҚШ қордың көлемін көбейтуге мән беріп жатыр.

WTI-дің шілде айындағы фьючерсі де 19.5 пайызға өсіп, баррелі 24 доллар 64 центке дейін көтерілді. Американың мұнай институтының мәліметіне сүйенсек, күн сайын 8 млн баррельден артық өнім қоймаға құйылып жатыр. Осыны ескерген сарапшылар баға алдағы уақытта тағы 5-10 долларға өсетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу