Brent баррелі 41,49 долларға саудаланып жатыр

655

Құрама Штаттарда бензин қоры артқан.

Brent баррелі 41,49 долларға саудаланып жатыр Фото: ria.ru

Эталон маркалы мұнай бағасы түсті. Бұған АҚШ-та бензин қоры көбейді деген ақпарат себеп болған. 

Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай құны 0,58%-ға арзандап, 41,49 доллар болды. Ал WTI баррелі қазір 39,75 долларға саудаланып жатыр.  Мұнайдың бұл сұрыбының бағасы 0,7%-ға төмендеген. 

21 қазанда АҚШ-тың энергетика министрлігі елдегі бензин қоры 1,9 млн баррельге көбейді деп мәлім еткен еді. Ведомство дерегіне сүйенсек, Құрама Штаттарда бензинге деген сұраныс өткен аптада 290 мың б/т кеміген. Ал мұнай қоры, керісінше, 1 млн баррельге артқан. Бірақ бұл фактор нарықтағы бағаның өсуіне әсер ете қоймады. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу