Brent баррелі 51,52 долларға саудаланып жатыр

772

ОПЕК+ 3 және 4 қаңтарға кезекті кездесуін өткізеді.  

Brent баррелі 51,52 долларға саудаланып жатыр

АҚШ-та экономиканы ынталандыру шаралары қабылданған кейін және бірқатар елде вакцина егу процесі басталысымен сұраныс артады деген болжамнан кейін эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді.

Brent баррелі 1,12%-ға қымбаттап, 51,52 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 1,18%-ға көтеріліп, қазір оның бір баррелі 48,18 долларға саудаланып жатыр.

Бірқатар елде коронавирусқа қарсы вакцина егу процесі басталды деген ақпараттан кейін шикізат нарығы оңала бастаған еді. Бірақ Британияда вирустың жаңа штамының анықталуы көрсеткіштерге кері әсерін тигізді.

Қаңтар айында ОПЕК+ елдері бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 0,5 млн баррельге арттырады. Келесі жылдан бастап альянс әр айда кездесу өткізеді. Кезекті жиын 3 және 4 қаңтарға белгіленді. Картель жиын барысында ақпан айындағы өндіріске қатысты шешім қабылдайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу