Оның үстіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына салық мөлшерін көбейтемін деп сес көрсетуі нарыққа кері әсерін тигізіп отыр.
Бірақ Токиодағы Mizuho Research Institute Ltd. бас экономисі Джун Иноуэнің айтуынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленістің әскери қақтығысқа ұласуы екіталай. Мұнай нарығындағы жағдайға АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі тікелей ықпал етіп отыр дегенді алға тартты. Егер Бейжіңге қосымша салық енгізіліп, Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы да түсірмесе, мұнай бағасы құлдырауы мүмкін.
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы 1,2 пайызға төмендеп, баррелі 61,17 долларды құрады.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,1 пайызға арзандап, 55,06 долларды құрады.
Табиғат Нұрболат