Brent баррелі 63,18 долларды құрады

709

Бұл соңғы жеті күн ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Brent баррелі 63,18 долларды құрады

АҚШ-тың мұнай қорының азаюына байланысты қара алтын бағасы арзандады. Bloomberg-тің дерегі бойынша, бұл соңғы жеті күн ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Соңғы ресми дерекке сүйенсек, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай бағасы 65 центке төмендеп, баррелі 63,18 доллар болды. Ал тамыздағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 89 центке арзандап, барреліне 55,88 долларды құрады.

АҚШ-тың EIA агенттігінің дерегі бойынша, ішкі мұнай қоры 10,8 миллион баррельге азайған.

Осы орайда Кувейт Сауд Аравиясымен бірлесе осыдан 4 жыл бұрын жабылған бейтарап аймақта мұнай өндірісін қайта бастайтынын мәлімдеді. Әзірге бұл жоспардың қашан жүзеге асатыны, және мұнай нарығына қаншалықты әсер ететіні жарияланбады. Тараптар күніне 500 000 баррель өндіруі мүмкін.

Ал Stratas Advisors LLC сарапшысы Эшли Питерсеннің есебі бойынша, Кувейт пен Сауд Аравиясының бұл бастамасы нарыққа оң септігін тигізеді және Венесуэла мен Иран мұнай өндірісіндегі іркілістің орнын толтыру үшін жеткілікті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу