Brent баррелі 64,46 долларға саудаланып жатыр

657

Мұнай бағасы көтеріле бастады.

Brent баррелі 64,46 долларға саудаланып жатыр Фото: reuters.com

Қытай экономикасына қатысты деректер жарияланғаннан кейін, эталон сұрыпты мұнайдың бағасы көтеріле бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,5%-ға қымбаттап, 64,46 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,48%-ға артып, бір баррелі 60,84 долларға саудаланып жатыр.  

Нарықтың назары ОПЕК+ альянсының министрлік мониторинг комитетінің кездесуінде. Отырыс 1 сәуірде өтеді.  Олар мамыр айындағы мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдайды. ОПЕК+ техникалық комитеті 30 наурызда өткен отырыста мамыр айына дейін қазіргі квоталарды ұзарту және Сауд Арабиясының шектеулерін сақтау жағын қарастырған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу