Brent баррелі 64,47 доллар болды

552

Ал WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,2 пайызға түсіп, барреліне 57,90 долларды құрады.

Brent баррелі 64,47 доллар болды

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені қайтадан түсірмейміз деп мәлімдеуі "қара алтын" бағасының арзандауына әкеліп соқты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Бейсенбіде Федералдық қор жүйесі соңғы 11 жылда бірінші рет пайыздық мөлшерлемені 2 пайыздан 2,25 пайыздық деңгейге түсірген болатын.

Соңғы дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,9 пайызға арзандап, баррелі 64,47 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,2 пайызға түсіп, барреліне 57,90 долларды құрады.

Мұнай бағасы өткен айда 1991 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жеткен болатын. Бұған Таяу Шығыстан мұнай тасымалы іркіліп қалуы мүмкін деген күдік әсер етті. Оның үстіне сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Сыртқы істер министріне санкция салып, Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленісті одан сайын ушықтырып жіберді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу