Brent баррелі 69,42 долларға саудаланып жатыр

668

Қысқа мерзімді перспективада мұнай нарығында құбылмалылық орнауы мүмкін.  

Brent баррелі 69,42 долларға саудаланып жатыр

Соңғы төрт күнде арзандаған эталон сұрыпты мұнай 18 тамызда қымбаттай бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Инвесторларлы індеттің таралуы жағдайында шикізатқа деген сұраныс көлемі алаңдатып отыр.

Ресми дерек бойынша, Brent баррелінің бағасы 0,56%-ға көтеріліп, 69,42 доллар болды. WTI фьючерстері 0,51%-ға қымбаттап, бір баррелі 66,93 долларға саудаланып жатыр.

"Қысқа мерзімді перспективада мұнай нарығында құбылмалылық орнауы мүмкін. Өйткені Еуропа мен Үндістандағы сұраныс қысқаруы мүмкін", – деді Phillip Futures сарапшысы Автар Санду.

Тағы бір жайт, АҚШ-тағы мұнай қоры 1,2 миллион баррельге азайды. Бензин қоры 1,2 миллион баррельге қысқарып, дистиллят қоры 502 мың баррельге өсті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу