Brent баррелі 73,73 долларға саудаланып жатыр

804

Иранмен арадағы ядролық келісімді қайта бастауға қатысты келіссөздер кейінге шегерілді.

Brent баррелі 73,73 долларға саудаланып жатыр Фото: reuters.com

21 маусымда мұнай бағасы сұраныс артқаннан кейін көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сұраныстың артуына автокөлік маусымы мен Иранмен арадағы ядролық келісімді қалпына келтіру туралы келіссөздердің уақытша тоқтатылуы түрткі болып отыр. 
Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 0,3%-ға өсіп,73,73 доллар болды. WTI фьючерстері 0,39%-ға қымбаттап, бір баррелі 71,92 долларға саудаланып жатыр. 
Екі бенчмарк құны соңғы төрт апта қатарынан қымбаттауда. Өйткені әлемнің бірқатар елінде вакцинация қарқыны күщейіп, жазғы демалыс кезінде саяхаттайтындардың қатары көбейген. Иранмен арадағы ядролық келісімді қайта бастау туралы келіссөздер  Иранның Жоғарғы сотының төрағасы Эбрахим Раиси сенбіде президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін уақытша тоқтатылған болатын.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу