Brent баррелі 74,86 долларға саудаланып жатыр

670

6 шілдеде ОПЕК + министрлері мұнай өндірісі туралы келіссөздерді тоқтатқан еді. 

Brent баррелі 74,86 долларға саудаланып жатыр

ОПЕК+ елдері министрлер кездесуін кейінге қалдырып, өндірісті арттыру туралы жоспарды бекітпегеннен кейін, мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,44%-ға  көтеріліп, 74,86 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 0,52%-ға қымбаттап, бір баррелі 73,75 долларға саудаланып жатыр.

6 шілдеде ОПЕК + министрлері мұнай өндірісі туралы келіссөздерді тоқтатқан еді. Біріккен Араб Әмірліктері шектеулерді сегіз айға ұзартуға қатысты ұсынысты қолдамады. Альянс өндірісті ұлғайту туралы ортақ мәмілеге келе алмады.
Бірқатар сарапшының ойынша, нарықтағы ахуал тұрақсыз болуы мүмкін. Әсіресе АҚШ-та мұнай  бағасы тұтынушылар мен өнеркәсіп үшін қымбатқа түспек.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу