Brent баррелінің бағасы 45 доллардан асты

466

Карантиндің шаралардың қысқартылуына байланысты шикізатқа деген сұраныс артып жатыр.

Brent баррелінің бағасы 45 доллардан асты Фото: rbc.ru

Сауда қорытындысы бойынша, эталон маркалы Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 1,68%-ға қымбаттап, 45,07 доллар болды. Бұл 9 наурыздан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.Ол кезде 45,46 долларға дейін көтерілген еді. Содан кейін нарықты құбылмалылық орнап, динамика өзгерді. WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,93%-ға өсіп, 42,09 долларға дейін жетті.

Карантиндің шаралардың қысқартылуына байланысты шикізатқа деген сұраныс артып жатыр. Сонымен қатар бұған әсер еткен тағы бір фактор бар. АҚШ-тың мұнай институтының дерегінше, елдегі мұнай қоры азайған. Соңғы аптада оның көлемі 8,6 миллион баррельге қысқарып, 520 миллион баррель болды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу