Brent баррелінің бағасы 68,62 долларға жетті

861

Ресей мен Қазақстан болса, керісінше, сәуір айында өндіріс көлемін арттырады.

Brent баррелінің бағасы 68,62 долларға жетті Фото: reuters.com

ОПЕК+ бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттырудан бас тартқаннан кейін, мұнай бағасы өсе бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы да шектеулерді тағы да бір айға ұзартатын мәлім етті. Ал Ресей мен Қазақстан болса,керісінше, сәуір айында өндіріс көлемін арттыратын болды. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,56%-ға қымбаттап, 67,37 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,45%-ға артып, бір баррелі 65,44 долларға саудаланып жатыр.

Тағы бір жайт, АҚШ Сенаты ел президенті Джо Байден ұсынған 1,9 трлн доллар көлемінде экономиканы ынталандыру шараларын қабылдады. Заң жобасын қарау кезінде бірқатар түзетулер енгізілді, енді ол өкілдер палатасына жіберіледі. Кей ақпарат құралдарына сенсек, осыған қатысты дауыс беру осы аптада өтуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу