Brent баррелінің бағасының 66 доллардан асты

668

Ақпан айында оң динамика орнай бастады.

Brent баррелінің бағасының 66 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 66 доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап. Бұл 2020 жылдың қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 1,20%-ға көтеріліп, 66,02 долларға жетті. WTI баррелінің құны 1,18%-ға қымбаттап, 62,43 доллар болды.

Шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ альянсының өндірісті қысқартуға қатысты құжаттың шарттарын қатаңдатуы түрткі болып отыр. Яғни бірқатар ел өндіріс көлемін 1,425 миллион баррельге қысқартады, оның шамамаен миллион баррелі Сауд Арабиясының мойнында. Альянстың кезекті отырысы наурыз айында өтеді. Ұйым сарапшыларының айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендеуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу